5
Кеңселер Қазақстанның аймақтары
800
Жұмыс орны
25000
Ірі қара малының өндірістік қуаты
80000
Ха жер қоры
«Астық Индустрия» АгроХолдингі
Экологиялық таза мәрмәр сиыр етін өндіруге бағытталған компаниялар тобы .
Cиыр етін өндірудің толық циклын қамтамасыз ететін өзара байланысты бөлімшелер кіреді: жем -шөп дайындаудан, жем өндіруден, ірі қара малының тұқымын трансформациялаудан бастап, жануарларды бордақылауға дейін.
Мәрмәр сиыр етін өндіру туралы
«Ақ-Бидай-Агро» АгроФирмасы
Жемдік дәнді және бұршақ дақылдары мен майлы дақылдарды өсіруге мамандандырылған компания. Қостанай облысының Қарабалық, Федеров аудандарында және Бейімбет Майлин ауданында орналасқан. Ауылшаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 85’000 га құрайды. 2’650 га жерді суландыру жобасы жүзеге асырылуда.
Тоғызақ астық өнімдері комбинаты
Түйіршіктелген, экструдталған, ұсақталған және ұнтақталған жем өндірісі бойынша цехтары бар заманауи элеватор. Зауыт 9 сүрлемдік жинақтаушы(сыйымдылығы 105’000 тонна) және 15 жер қоймасынан (сыйымдылығы 45’000 тонна) тұрады. Компания дәнді және майлы дақылдардың барлық түрлерін қабылдау, тазарту, кептіру, сақтау және жөнелту бойынша элеватор қызметін ұсынады. Сондай-ақ, суық сығымдау қондырғысы бар тазартылмаған май шығаратын цехі бар. Кәсіпорынның өзінің теміржол тұйықтары бар.
«Север-Агро Н» Асыл тұқымды репродуктор
«Абердин Ангус» тұқымының етті бағытының асыл тұқымды репродукторы. Қазіргі уақытта төлдейтін мал саны – 2’500 бас.
Шаруашылық жыл сайын 2’250 бас асыл тұқымды жас төл шығарады. Мал шаруашылығының австралиялық технологиясы қолданылады – жайылым кезеңі (мамыр-қазан), еркін жайылымда ұстау, малды ашық аспан астындағы қорада бағу кезеңі (қараша-сәуір). Жануарлар электр шопанымен (250 км) қоршалған және жаздық су жүйесімен жабдықталған жайылымдарда (8’000 га) жайылады.
Шаруашылық жыл сайын 2’250 бас асыл тұқымды жас төл шығарады. Мал шаруашылығының австралиялық технологиясы қолданылады – жайылым кезеңі (мамыр-қазан), еркін жайылымда ұстау, малды ашық аспан астындағы қорада бағу кезеңі (қараша-сәуір). Жануарлар электр шопанымен (250 км) қоршалған және жаздық су жүйесімен жабдықталған жайылымдарда (8’000 га) жайылады.
«Терра» және «Ет индустриясы» мал бордақылау алаңдары
Өндіріс қуаттылығы 20’000 және 5’000 бас болатын бір реттік ұстауға арналған заманауи мал бордақылау алаңдары. Кәсіпорындар ірі қара малын басқарудың канадалық әдістерін бейімдеу негізінде салынған. Жануарларды бордақылау өсу стимуляторларынсыз табиғи азықтан тұратын теңдестірілген сүрлем-концентратты рацион бойынша жүзеге асырылады. «Терра» Қостанай облысында, «Ет Индустриясы» Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
«Terra Meat» сауда маркасы
Сиыр етін өңдеуге арналған заманауи цех. Дәнмен азықталған сиыр және жылқы етін сататын фирмалық дүкендер желісі.
Қабылдау телефоны
+7-705-746-33-33
Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Қостанай қ., Чехов к -сі, 103
Пошта
info@agrind.kz
Деректемелер
«Астық Индустрия» АгроХолдингі «ЖШС»
Қостанай облысы,
Қостанай қ., Чехов к -сі, 103
БИН 160940030799
ИИК KZ689261601192449000 (тенге)
«Казкоммерцбанк» АҚ -да
БИК KZKOKZKX